- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 10,8%-ға артты
2016 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 10,8%-ға артты
«2016 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2287,2 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 10,8% артық.2016 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 6941,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,2% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,5% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 4,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,9%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,7% төмендеді», - делінген хабарламада.
2016 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 590,2 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,7% артты.
2016 жылғы қаңтар-мамырда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,2%-ды құрды.
2016 жылғы қаңтар-мамырда жүк айналымының көлемі 199 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2015 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,6% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 102,2 млрд. жкм құрап, 1,7% артты.
2016 жылғы қаңтар-мамырда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 95,4%-ды құрды.
2016 жылғы қаңтар-мамырда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 94,9%-ды құрды.
2016 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 2709,5 млрд. теңгені немесе 2015 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 98,7% құрады (салыстырмалы бағада).2016 жылғы қаңтар-мамырда көтерме сауда көлемі 6043,8 млрд. теңгені немесе 2015 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 93,1% құрады (салыстырмалы бағада).
2016 жылғы қаңтар-сәуірде сыртқы сауда айналымы 18234,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы каңтар-сәуірмен салыстырғанда 29,8% төмендеді, оның ішінде экспорт – 11029,1 млн. АҚШ долларын (31,2% аз), импорт – 7205,2 млн. АҚШ долларын құрады (27,7% аз).
2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 370492 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,1% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 361357 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 230106 құрады, оның ішінде 221345 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).
Тұтыну бағасының индексі 2016 жылғы мамырда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 4,3%, азық-түлік емес – 4,2%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 4% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2016 жылғы мамырда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,5% жоғарылады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары