- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқының саны соңғы бір жылда 255,1 мың адамға өсті - ҰЭМ
Қазақстан халқының саны соңғы бір жылда 255,1 мың адамға өсті - ҰЭМ
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016ж. қаңтар-сәуірде туылғандар саны 131,1 (2015 жылғы қаңтар-сәуірде – 127,0) мың адамды құрады, бұл 2015ж. қаңтар-сәуірге қарағанда 3,2% көп. Туу кезектілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші туғандардың үлес салмағы сәйкесінше 32% (34%), 29% (28%) және 19% (18%) құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,29 (22,02) туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 45,0 (45,3) мың адамды құрады, бұл 2015ж. қаңтар-сәуірге қарағанда 0,7% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,65 (7,87) қайтыс болғандарды құрады.
«2016 жылы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2015ж. қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,5 мың адамға немесе 5,5% көбейіп, 86,1 (81,6) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,64 (14,15) адамды құрады.
2016 жылғы қаңтар-сәуірде республикада 1 жасқа дейінгі 1 312 (1 213) нәресте өлімі тіркелді. 2015 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 8,2% көбейді. 2016 жылғы қаңтар-сәуірде нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 10,01 (9,58) құрады», - делінген хабарламада.
Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2016 жылғы қаңтар-сәуірде 705 (608) нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 53,7% (50,1%) құрады. Туа біткен ауытқулардан 277(268) немесе 21,1% (22,1%), тыныс органдары ауруларынан – 99 (85) немесе 7,5% (7,0%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 54 (68) немесе 4,1% (5,6%) нәресте қайтыс болды.
Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016 жылғы қаңтар-сәуірде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2015 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 23,9% кеміп, 4 142 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 16,3% көбейіп, 7 663 адамды құрады, көші-қонның айырымы -3 521 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.
«ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 73,5% және 88,1% құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 2015ж. қаңтар-сәуірмен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 17,6% азайып, 133 695 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 42,7% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (12 426 адам), Астана (16 адам) қалаларында және Павлодар (265 адам), Ақмола (249 адам), Қостанай (246 адам), Маңғыстау (196 адам), Атырау (190 адам) облыстарында қалыптасты», - делінген хабарламада.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді