• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Жақсалиев: Ядролық ғылым саласында халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы ашықтықты қамтамасыз етеді

Б.Жақсалиев: Ядролық ғылым саласында халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы ашықтықты қамтамасыз етеді

15 Маусым, 2016 11:29
Ядролық ғылым саласында халықаралық ынтымақтастық тек тиімділіктің артуында ғана емес, сонымен қатар, ашықтықты қамтамасыз етеді, деді Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Астанада өтіп жатқан «Қазақстандағы ОИЯИ Күндері» Халықралық мәжілісінде.

«Алматыда өткен аптада ғана төменбайытылған уран отыны мен нейтрон ағысының жоғарылығын ауыстыру бойынша жаңғыртудан өткен ВВР-К зерттеу реакторының энергетикалық іске қосылуы аяқталды. Экспериментті жедел кешендірін жаңғыртуда білім, тәжірибе және ОИЯИ-ң техникалық мүмкіндіктері керек»,-деді Б.Жақсалиев.

Вице-министр Ядролық ғылым саласында халықаралық ынтымақтастық тек тиімділіктің артуында ғана емес, сонымен қатар, оның маңыздылығы ашықтықты қамтамасыз ететінінде деп атап өтті.

«Өте нәзік ядролық салада бірлескен зерттеуге қатысу үлкен маңызға ие. Бұл жерде елдер арасындағы сенім мен жаһандық  қауіпсіздіктің ашықтығы қамтамасыз етілуі керек. Мұндай ынтымақтастықты дамыту идеясын жақында ғана жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінде  айтылған»,-деді ол.

Анара Таныркулова

Барлық жаңалықтар