- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжiлiс Ресеймен Каспий теңiзiнің солтүстiк бөлiгiнiң түбiн бөлуге қатысты заң жобасын мақұлдады
Мәжiлiс Ресеймен Каспий теңiзiнің солтүстiк бөлiгiнiң түбiн бөлуге қатысты заң жобасын мақұлдады
Аталған хаттама 2015 жылдың 15 қазанында Астана қаласында жасалды. Құжат Қазақстан мен Ресей атынан уәкiлеттi ұйымдар арқылы Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнiң түбiндегi кендi Қазақстанда «Құрманғазы» («Құлалы»), Ресейде «Центральная» және «Хвалынское» кен орны құрылымдарында бiрлесiп игеруге құқықтық негiздердi белгiлейдi.
«Центральная» құрылымы Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде Ресей секторында орналасқан. Жұмыс учаскесiндегi судың тереңдiгi 350-ден 500 метрге дейiн жетедi. Ресей жер қойнауын пайдалану жөнiндегi федералдық агенттiгiнiң алдын ала деректерi бойынша қор 90 млн тонна мұнайды құрайды. Өзгерiстер енгiзудiң негiзгi себебi Ресей жер қойнауын пайдалану жөнiндегi федералдық агенттiгiнiң бiрлескен кәсiпорын «Центральная» мұнай-газ компаниясының жеке барлау жүргiзу үшiн геологиялық зерттеуге, барлауға және өндiруге лицензия алуға арналған өтiнiмiн қараудан бас тарту болып табылады. Ресей заңнамасында жеке барлауға, жер қойнауын пайдалану құқығын беру бөлiгiнде шектеу белгiленген», - деп баяндады ҚР Энергетика вице-министрi Әсет Мағауов.
Атап айтқанда, геологиялық зерттеудiң жалпы мерзiмi жеке барлау шеңберiнде ұзарту мүмкiндiгiнсiз тек қана 5 жыл екен. Аталған шешiм келiсiмге хаттаманың төртiншi бабына тиiстi өзгертулер енгiзудi талап етедi дейдi вице-министр.
«Осыған байланысты барлау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету және геологиялық тәуекелдердi азайту, «Центральная» құрылымының қорларын нақтылау үшiн тараптардың уәкiлеттi органдары келiсiге хаттамға өзгерiстер енгiзуге бастамашылық жасады. Тұтастай алғанда, аталған құрылымды игеру, ең алдымен, Каспий қайраңының солтүстiк бөлiгiн игеру кезiнде геологиялық ақпаратты алуға, қазақстандық мамандар үшiн жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкiндiк бередi», - дедi ол.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты