- Басты
- Жаңалықтар
- С.Звольский: Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысын аяқтағаннан кейiн жер туралы заңға өзгерiстер енгізу қажет
С.Звольский: Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысын аяқтағаннан кейiн жер туралы заңға өзгерiстер енгізу қажет
«Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң кейбiр нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Републикасы заңының қолданысқа енгiзiлуiн тоқтата тұру туралы» заң жобасы жер заңнамасының кейбiр нормаларын қолдануға мораторий енгiзу туралы Президенттiң 2016 жылғы 6 мамырдағы Жарлығын орындау үшiн әзiрлендi.
«Атап айтқанда, шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiк заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың үлесi 50 пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге уақытша жер пайдалану құқығын беруге, сондай-ақ ҚР азаматтарына және заңды тұлғаларына мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы жерiне жеке меншiк құқығын беруге байланысты нормалар уақытша қолданыстан алынады», - дедi ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов.
Заң жобасын талқылау барысында депутаттар бiрқатар ұсыныстар айтқан. Бiрақ қоғамда қызу талқыға түскен бұл түйiндi мәселенi ойластыра келе, Жер реформасы жөнiндегi комиссия жұмысын аяқтағаннан кейiн ғана Жер кодексiне өзгерiстер енгiзу шешiлiптi.
Айта кетейiк, Президент Жер кодексiнiң қоғамдық резонанс тудырған бiрқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялаған едi. Нұрсұлтан Назарбаев кең көлемді түсіндіру шараларын жүргізіп, бұл жұмысқа бүкіл партиялар мен қоғамдық ұйымдарды тартып, жер мәселесі бойынша өз позициясын білдірген барлық азаматтарды диалогқа шақыруды тапсырды.
«Заң жобасы негiзгi мақсаттары ескерiле отырып қаралды. Бұл ретте, заң жобасын талқылау кезiнде жер қатынастарын реттеу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi пайдалануға қатысты басқа да ұсыныстар түскенiн атап өту керек. Бiрақ бұл сұрақтарды бастамашылар өздерi күн тәртiбiнен алып тастады. Депутаттық корпустың алаңдауын түсiнемiз, сонда да жер заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi тек жер реформасы жөнiндегi комиссия жұмысын аяқтағаннан кейiн ғана қарастырған жөн деп есептеймiз. Осыған байланысты бұл заң жобасында Мемлекет басшысының мамырдағы Жарлығына негiзделген ғана нормалар бар», - дедi Мәжiлiстiң аграрлық мәселелер комитетiнiң мүшесi Сергей Звольский.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту