• Басты
  • Жаңалықтар
  • Степногорсктің қала маңы геологиялық барлауда авсралиялық үлгінің пилотты жобасы болып таңдалды – ҚР ИДМ

Степногорсктің қала маңы геологиялық барлауда авсралиялық үлгінің пилотты жобасы болып таңдалды – ҚР ИДМ

15 Маусым, 2016 10:41
Степногорсктің қала маңы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» дайындалып жатқан Кодекс аясында геологиялық барлаудың пилотты жобасы болып таңдалды, деп ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев «Astana Mining & Metallurgy» 7-ші Халықаралық конгресі барысында мәлім етті.

«ЭЫДҰ халықаралық сарапшылармен бірге «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексті дайындау жұмыстары өтуде. Өздеріңіз білетіндей, Кодекстің басты мақсаты – ол халықаралық стандартқа көшу. Біз барлауға арналған жеңілдетілген құқық принципі бойынша Батыс Австралияның үлгісін алдық. Ол жерде көптеген бағыттар бар, алайда айта кететін жайт, осы жылы біз пилотты тәртіп жасадық және ол бірнеше учаскілерде өз жұмысын жасайтын болады. Пилотты жоба ретінде Степногорс қала маңындағы 100 шақырымдық алаң таңдалды»,-деді Ә.Исекешев.

Министр аталмыш үлгі тұжырымды 2 жылдан 25 күнге дейін қысқартатындығын және жер қойнауын болктарға бөлетіндігін, олардың 2 шақырымға тең екендігін айтып өтті.

«Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 25 блок бойынша 11 келісімшарт жасалды және ол бюджетке қосымша салықтың түсуіне сепкі болады және моноқала жанында жұмыс орнын құрады. Батыс Австралияда шамамен 15 мың шағын юниорлық компаниялардың жұмыс істейтіндігін айта кететйін және олар геологиялық барлау жұмысымен айналысады. Бұл юниорлық сервистік комапния және оны көбінесе жергілікті шағын және орта бизнес танысытырады. Сол себепті ағымдағы жылдың соңына дейін біртенеше пилотты жобаларды жасауды жоспарлаудамыз. Ол Шығыс Қазақстан облысында, Арқалық, Жезқазғанда боолады, яғни біз әдейі моноқалалардың ауылдық жерлерін алдық. Алдағы 3 жылда Қазақстанда нарықтық сервистік компанияны екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз»,-деді министр.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар