- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазАгро» ұлттық холдингі егістік жұмыстарына 65,3 млрд. теңге бағыттады
«ҚазАгро» ұлттық холдингі егістік жұмыстарына 65,3 млрд. теңге бағыттады
Жалпы көктемгі-егістік жұмыстарының барысын қолдауы шеңберінде Холдинг компанияларымен бүгінгі таңда жалпы сомасы 65,3 млрд. теңгеге 2 842 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырылды.
Аталған қаражат 5,8 млн. га алаңда қажет агротехникалық іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл ағымдағы жылғы республиканың барлық егістік алаңының үштен бір бөлігі.
Бұдан басқа, шаруашылықтар мен агроқұрылымдардың машина-трактор паркін жаңартуға бағытталған Ұлттық холдингтің лизинг бағдарламалары шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясымен жиынтық сомасы 18,11 млрд. теңгенің 1 342 бірлік ауылшаруашылық техникасын жеткізуге шарттар жасалды, оның 817 бірлігі – бұл егістік техникасы.
“Ағымдағы жылы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге «ҚазАгро» ұлттық холдингіне 60 млрд.теңге сомасындағы бюджеттік несие бөлінді. АШТӨ әрі қарай қаржыландыру үшін, сондай-ақ аграрлар үшін несие ресурстарына қолжетімділікті кеңейту мақсатында қаражат Холдингтің еншілес компаниялары – Аграрлық несие корпорациясы және Азық-түлік корпорациясының, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің арасында қарыз түрінде бөлінді”, - делінген хабарламада.
КЕжЖЖ қаржыландыру «ҚазАгро» холдингі компаниясы тобының меншікті қаражаты есебінен де жүзеге асырылады, соның ішінде Несие серіктестіктерінің кеңейтілген желісін пайдалану арқылы. Бұл аграрлық шаруашылықтарды бөлінген бюджеттік қаражаттың үстінен қаржыландыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі күнгі жағдайда қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау жалғасуда.
2016 жылғы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарының айырықша ерекшелігі республикада шаруа қожалықтарын өндірістік кооперативтерге біріктіру процестерін белсенді кеңейту болды. Өткен жылы «ҚазАгро» ұлттық холдингі пилоттық режимде ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландырудың жаңа схемасын іске қосқанын еске саламыз, ол кооперация және ортақ жауапкершілік принциптерінде астық өндірушілерін біріктіруді болжайды.
Үш кооперативтің базасында іске асырылған жоба астық өндіруші-шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі қозғалысқа өсті. Бүгінде республикада «ҚазАгро» холдингінің қаржылай қолдауымен 10 ауылдық өндіріс кооперативтері егістік жұмыстарын жүргізді, оған елдің төрт егістікпен айналысатын аймақтарының 200-ден астам шаруашылығы кірді. Ұлттық холдингтің бастамасы ауылдағы бизнесті қаржыландыру процессіне екінші деңгейдегі банктерді белсенді тартуды ынталандырады. Қазіргі уақытта жұмыс істейтін кооперативтер жалпы сомасы 7,9 млрд.теңге сомасына «Банк «Bank RBK» және «Банк Астана» АҚ арқылы қаржыландырылды.
Облыстар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша ағымдағы жылдың 15 маусымына ауылшаруашылығы дақылдары 18,5 млн. га себілді, бұл 2016 жылдың жаздық егісінің 100% құрайды.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды