Ақмола облысында көше клубтарының желісін кеңейту жоспарлануда

15 Маусым, 2016 20:43
Ақмола облысы білім басқармасының және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы ата-аналар қоғамының облыстық қоғамдық тыңдауы өткізді, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлайды.

Ақмола облысының аймақтарына арналған облыстық қоғамдық тыңдау онлайн тәртібінде өткізілді.

Тыңдауға ата-аналар қоғамы, білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп полиция қызметкерлері қатысты.

Ата-аналар қоғамының тыңдауында «ВИЧ инфекциясын алдын алу», сонымен қатар «Өселен ұрпақ тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлі» тақырыптар ұсынылды.

“4 тоқсан бойынша жалпы орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының жағдайы туралы Ақмола облысы білім басқармасының қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы  Балташева Нұрсұлу Қартайқызы айтты”, - делінген хабарламада.

«СПИД алдын алуда отбасының рөлі» туралы Ақмола облыстық СПИД-пен күрес және алдын алу орталығының әлеуметтанушысы Қоныспаев Нұрлыбек Аскерұлы айтып өтті.

Ақмола облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Мендыбаев Азамат Еркенұлы өскелен ұрпақты құқықтық тәрбиелеуде ата-аналарар мен мектептің ортақ рөлі жөнінде айтты.

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

 

Барлық жаңалықтар