• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев: 2016-шы жылдың қортындысы бойынша металл рудасын өндіруде өсім 5% болады деп күтулуде

Ә.Исекешев: 2016-шы жылдың қортындысы бойынша металл рудасын өндіруде өсім 5% болады деп күтулуде

15 Маусым, 2016 10:19
2016-шы жылдың қортындысы бойынша металлургиядағы өсім кем дегенде 2%, металл рудасын өндіру 5% болады, деп күтілуде, деп хабарлады ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев «Astana Mining & Metallurgy 7-ші Халықаралық конгресінде.

«2015-ші жылдың қортындысы бойынша металл рудасын өндіру 2%-ға төмендеді, әсіресе темір рудасы. Өндіру көрсеткішінің төмендеуі ҚХР-ы мен РФ-на  жеткізудің тоқтатылғанын байланысты болды. Сонымен қатар арзан рубльдің де қысымы айтарлықтай әсер етті. 2015-ші жылы металлургиялық өнеркәсіп өндіріс көлемі 14%-дан жоғары болды»,-деді Ә.Исекешев.

Министр атап өткендей, өсім көрсеткіштері индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бесжылдығында 60-тан астам жобаға шартталған.

«Үкімет маңызды кезеңде өнеркәсіпті қолдау жоспарын қабылдады. Сондықтан бұл жоспар жұмыс істеді. Айтарлықтай қолдау шаралары жасалды. 2016-шы жылдың қортындысы бойынша, металлургиядағы өсім кем дегенде 2%, металл рудасын өндіру 5% болады, деп күтілуде»,-деп хабарлады Ә.Исекешев.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар