• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев: Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында ТМК саласында 60 жаңа өнеркәсіп пайдалануға берілді (ФОТО)

Б.Сағынтаев: Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында ТМК саласында 60 жаңа өнеркәсіп пайдалануға берілді (ФОТО)

15 Маусым, 2016 10:04
Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында ТКМК саласында 2,5 млрд долардың 60 жаңа өнеркәсібі пайдалануға берілді, ол 16 мың тұрақты жұмыс орнын ұсынатын болады. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Astana Mining & Metallurgy» - АММ 2016 7-ші Халықаралық конгресінде мәлімдеді.

«Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында  ТМК  саласында 2,5 млрд долардың  60 жаңа өнеркәсібі  пайдалануға берілді, ол 16 мың тұрақты жұмыс орнын ұсынатын болады. Экономиканы әртараптандыру курсын жалғастыру үшін Елбасы 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын нақтылады.  Оның аясында қара және түсті металлургия басым бағыт боп анықталды», - деді Б.Сағынтаев.

Бағдарламаның негізгі бағыттары, металлургия саласында кәсіпорындардың қуаттылығын кеңейту болып табылады.

«Оған қоса, жаңа өндірістік базалық металлдар келесі көрсеткіштер үшін бағытталды, еңбек өнімділігін арттыру, сыртқы нарық пен экспортта ұсынысты ыныталандыру болып табылады. Ол үшін біз үнемі инвестициялық тартымдылықты арттырады. Заңнамалық түрде инвесторлар  үшін жаңа стимулдарды енгізу қарастырылған», - деді вице-премьер.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

 

Барлық жаңалықтар