• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев: ТМК мультипликативтік нәтиже береді және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді

Б.Сағынтаев: ТМК мультипликативтік нәтиже береді және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді

15 Маусым, 2016 09:46
Тау-кен металлургия кешені аралас салалардың дамуына мультипликативтік нәтиже береді, халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайтады және жалпы ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді, деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Astana Mining & Metallurgy» - АММ 2016 7-ші Халықаралық конгресінде.

«Экономиканың осы саласы еліміздің негізгі рөл атқаратын салалардың бірі. Саланың кәсіпорындарында 300 мың адам жұмыс істейді. Тау-кен металлургия кешені аралас салалардың дамуына мультипликативтік нәтиже береді, халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайтады және жалпы ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Биыл Қазақстан Тәуелсізідігінің 25 жылдығын атап өтеді. Осы кезеңде біз ТМК-ң дербес республикада жылдар бойы өсімге талпынып қалыптасқанының куәсі болдық»,-деді Б.Сағынтаев.

Бірінші вице-премьер атап өткендей, қазір Қазақстан экономикасы шикізат бағытынан өңдеу саласына қарай көшіп жатқан маңызды кезеңде келеді.

«Осы үдерісте маңызды салалардың бірі ТМК болып отыр. Шикізат ресурстарын тиімді пайдалану, жаңалықтарды игеру, энергия тиімділігі мен экологиялық өндірісті арттыру, технологиялық өнімдерді шығару – бұл тұрғыда салалардың сәтті дамуы кепіл бола алады. Жүйелік негізде кешен кәсіпорындарының барлық мәселелері шешіледі. Бұл заңнаманы, шикізат базасын қамтамасыз ету, салық және кедендік, сонымен қатар тағы басқа да мәселелерді жетілдіру деген сөз. Соңғы кездегі әлемдік нарықтағы мәселелерде металлға байланысты экспорттық нарықтың қысқаруы, валюта курсының құбылуы – бұл бізге отандық металлургия өнімдерінің бәсекеге қабілеттлігін сақтауға мүмкіндік береді»,-деді Б.Сағынтаев.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар