• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Astana Mining & Metallurgy» 7-ші Халықаралық конгресі және көрмесі өтуде (ФОТО)

Астанада «Astana Mining & Metallurgy» 7-ші Халықаралық конгресі және көрмесі өтуде (ФОТО)

15 Маусым, 2016 09:16
Астанада «Astana Mining & Metallurgy»- АММ 2016 7-ші Халықаралық конгресі және көрмесі өтуде. Осы жылдың когресс тақырыбы «Тау-кен өндіру өнеркәсібі үшін жаңа технологиялар мен тәсілдер: АММ 2016 когресі мен көрмесі: барлық сұраққа жауап» деп аталады.

Іс-шара «Тәуелсіздік сарайында» 15 мен 16 маусым аралығында өтеді. Ерекеше айта кететін жайт, АММ 2016 конресі қазақстандық ТКМК-нің маңызды оқиғасын өткізу үшін алаң ретінде алынды және саланың одан әрі дамуына, инвестиция үшін оны одан әрі қызықты ете түседі. Пленарлы сессия барысында ресурсатар мен CRIRSCO қорлары бойынша Қазақстандық мемлекеттік есептілік қауымдастығын қабылдау туралы  комиссия шешімі айтылады.

АММ форумының отырысы аясында әлемнің 10 елінен келген 20-дан астам спикері өзекті мәселелерді қозғайтын болады. Сонымен бірге, сессия бірнеше қызықты тақырыптарға бөлінген: «Ағымдағы экономикалық шындықта ТМК үшін жаңа тәсілдер»; «жаңа геологиялық мүмкіндіктер мен лицензияның келешегі»; «Жаңа жаһандық шындық аясында ТКМК сценариінің даму анықтамасы». Форум аясында 28 елдің 700-ден астам делегациясы қатысады деп күтілуде.

АММ көрмесі Австралия, Бельгия, Германия, Қазақстан, Норвегия, Ресей мен АҚШ-тан 50-ден астам компанияны қосады. Экспозиция ТКМК үшін жаңа иннвоацияларды, дамытуды, технологияларды, жабдықтарды және химияны ұсынады; өндірісте өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті; геологияны; сонымен қатар, инженирингтік, қаржылық, аудитірлік компаниялар және тағы басқаларды ұсынады.

Осымен қатар, АММ 2016 бағдарламасы «Золотой Гефест» байқауы секілді кәсіби мамандар үшін аса маңызды оқиғаны қамтиды және ол ТМК мамандары үшін «Қала кеңшісі», «Қала металлургі», «Жыл геологы», «Кәсіпорын – Инновация бойынша көшбасшы» наминациясы бойынша өткізіледі.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар