- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов: Қазақстандықтар экономикалық өсімнің оңтайлы жетістігі үшін қабылданған шаралардың іс жүзінде орындалып жатқанын сезінулері керек
К.Мәсімов: Қазақстандықтар экономикалық өсімнің оңтайлы жетістігі үшін қабылданған шаралардың іс жүзінде орындалып жатқанын сезінулері керек
К.Мәсімов Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на мұнай өндіру мен «Қашаған» кен орынын іске қосу мәселелері бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.
«Энегетика министрі мен «ҚазМұнайГазға» тапсырма: сіздер мұнай өндіру көлемін біздің жоспардағы 74 миллионнан 75 млн. тоннаға дейін қамтамасыз етулеріңіз керек. Міндетті орындау үшін дереу шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, жеке-жеке «ҚазМұнайГаз» екеулеріңіздің алдарыңызда Қашағаннан мұнай өндіруді 2016-шы жылдың қазан айында бастау міндеті тұр»,-деді К.Мәсімов.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша қазан айында Қашаған іске қосылуы керек болатын.
Тағы бір мәселені қараймыз – бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қаржыны қайта бөлу.
««Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша игерілмейтін қаржының – 7 млрд. теңгесін БЖЗҚ-ң ақшасымен қоса қайта бөлуді қарау керек. Солай жасау арқылы біз экономиканы ынталандырып, биыл ІЖӨ-ң өсімін ұлғайтатын едік»,-деп атап өтті К.Мәсімов.
Премьер-министр сондай-ақ, дағдарысқа қарсы шараларды пысықтаудың маңызына да тоқталды.
«Бүгін мемлекет басшысымен кездесу кезінде 2008-2009-шы жылдардағы дағдарыс уақытында жасалған бағдарламаларды жаңарту керектігін айтты. Әкімдермен осы мәселені пысықтап, адамдар сол бағдарламалардың нәтижелерін бүгінгі таңда сезінетіндей болуы керек»,-деді К.Мәсімов.
«Қаржы министрлігі Экономика министрлігімен бірге осы жылдың күзінде бюджетті нақтылауға дайын болулары тапсырылды. Біз қаржыны тиімді бөліп, экономиканың дамуына бағыттауымыз керек»,-деп атап өтті ол.
Бұдан бөлек Кәрім Мәсімов ТКШ нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау, инфроқұрылым мен елді мекендерді, ауылдық қалаларды және аудандық маңыздағы ауылдарды абаттандыруда «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын қаржыландыруды арттыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.
«Президент біздің алдымызға үлкен маңызға ие міндеттерді қойды. Ол белгілі деңгейде қаржы бөлуді қолдау. Жақын айларда немесе жақын апталарда халық бұл қабылданған шешімдердің іске асқанын сезінулері керек»,-деді К.Мәсімов.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр