- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Ыдырысов: Астана ядролық сынақтарға батымды тыйым салуға шақырады (ФОТО)
Е.Ыдырысов: Астана ядролық сынақтарға батымды тыйым салуға шақырады (ФОТО)
Оның ашылуында сөз сөйлеу барысында Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Венадағы кездесу ЯСЖТШ қол қоюға ашылуының 20-жылдығында және Семей ядролық полигоны жабылуының 25-жылдығында өтіп отырғандығын атап өтті және екі оқиғаның тығыз байланысына тоқтала кетті.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең ірі полигонды жауып, ядролық сынақтарға тыйым салған әлемдегі алғашқы саясаткер атанды», – деп атап өттіминистр.
1991 жылғы 29 тамыздағы Қазақстан Президентінің тарихи жарлығы іс жүзінде ЯСЖТШ-ны келісуге жол ашты. Қазақстан бастамашылығымен осы күнді БҰҰ Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күні ретінде атап өтеді. Осы орайда Е. Ыдырысов кездесу қатысушыларына осы жылы 29 тамызда Астанада «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясының өтетіндігі туралы хабарлады, аталған конференция әлемдік саясаткерлердің, парламентшілердің, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің осы бағыттағы күш-жігерін шоғырландыруы тиіс.
Өз сөзінде Е. Ыдырысов халықаралық қауымдастықты біздің Мемлекет басшымыздың «Әлем. XXI ғасыр» Манифесі БҰҰ-ның 100-жылдығының аясында 2045 жылға дейін карусыз әлем құруына бағытталған халықаралық бастамасын белсенді қолдауға шақырды.
Министрлік кездесу шеңберінде Е. Ыдырысов Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Еуропалық Одақтың Жоғарғы өкілі Федерико Могеринимен бірлесіп, осы қадамды соңғы жиырма жылда жасамаған мемлекеттердің ЯСЖТШ-ның тез арада күшіне енуіне арналған «дөңгелек үстел» отырысының модераторы болды.
Сондай-ақ, ҚР СІМ басшысы ЕО Жоғарғы өкілімен екіжақты мәселелерін, оның ішінде 2015 жылы желтоқсанда қол қойылған Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің іске асыруын талқылады.
Сол күні Е. Ыдырысов Венадағы БҰҰ бөлімінің ғимаратында ядролық сынақтарға қарсы тақырыпқа арналған сурет көрмесінің ашылуына қатысты. Оның қатысушыларының ішінде – белгілі қазақстандық суретші, АТОМ Жобасының Құрметті елшісі Кәрібек Құйықов болды.
Е. Ыдырысовтың Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Юкия Аманомен кездесуінде тараптар ынтымақтастықтың тәжірибелік мәселелерін, соның ішінде Төмен байытылған уран банкі туралы келісімнің іске асыруын талқылады. Оны Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытының алаңында құру туралы келісімге 2015 жылғы 27 тамызда Астанада қол қойылғандығы белгілі. Сонымен қатар тараптар Иран ядролық бағдарламасы жөнінде бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруын талқылады. Осы құжатқа қол қоюға мен іске асырылуына Қазақстан елеулі үлес қосты.
Е. Ыдырысовтың Аустрия Сыртқы істер министрі Себастьян Курцпен халықаралық ұйымдардағы екіжақты ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша, соның ішінде ресми Венаның 2017 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалығының мәнмәтінде келіссөздері өтті.
ЯСЖТШ-ның министрліктік конференциясындағы алаңда Е. Ыдырысов сыртқы саясат ведомстволар басшылары әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді, онда Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесіне кандидатурасы талқыланды.
Айта кетейік, ЯСЖТШ 1996 жылғы 10 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 50-ші сессиясында қабылданды және осы күнге дейін оған Қазақстанды қоса алғанда әлемнің 183 мемлекеті қол қойды. Шарт күшіне енуі үшін, құрамына КХДР, Үндістан, Пәкістан, Иран, Израиль, Египет, ҚХР және АҚШ кіретін, қалған 8 мемлекет оған қол қоюы және ратификациялауы тиіс. Қазақстанның ЯСЖТШ қатысушы-елдердің министрліктік кездесуіне қатысқаны қазіргі уақытта Қазақстан Жапониямен бірлесіп ЯСЖТШ-ның XIV бабы бойынша Конференцияның тең төрағасы болып табылатынына орай маңызы зор.
-
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Ядролық әлем және Қазақстан -
Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс -
InfoKazakhstan е-платформасы қалай жұмыс істейді/ Бизнесіне тыйым салынған кәсіпкерлер үшін 42 500 төлене ме -
Ядролық қарусыз әлeм жoлындағы көшбaсшылық және мемлекет қауіпсіздігін нығайту -
COVID-19: 6 тамыздағы басты жаңалықтар -
Astana Hub пен ЮНИСЕФ әлеуметтік IT-жобалар конкурсының қорытындысын шығарды