• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Шәмшидинова: Үш тілділіктің дамуы ел экономикасының дамуына оң әсерін береді (БЕЙНЕ)

К.Шәмшидинова: Үш тілділіктің дамуы ел экономикасының дамуына оң әсерін береді (БЕЙНЕ)

14 Маусым, 2016 18:36
Қазақстанда үш тілді білім беруді енгізу еліміздің экономикасының дамуына оң әсерін беретін болады, деп «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова Strategy2050.kz АА эксклюзивті берген сұхбатында мәлім етті.

«Тілді білу, бірінші кезекте адамның интеллектуалды дамуына әсер етеді, оның кәсіби және мәдени дамуына да әсерін береді. Бұл дамыту үшін үлкен мүмкіндік береді және әлемде қандай жағдайлардын болып жатқандығын білуге септігін тигізеді. Сол себепті осы тұрғыда адамдарға тілді білу өте маңызды. Екінші жағынан бүгінгі балалар-ол оқушылар және ертен олар еңбек нарығына кірісетін болады. Еңбек нарығында тілді білген адам өзі қалап тұрған жұмыс орнына кіріп, өзінің жанына жақын кәсібімен айналыса алады»,-деді ол.

Сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жетекшісі үш тілділіктің дамуы ел экономикасының дамуына оң әсерін беретіндігін айтып өтті.

«Мемлекет үшін бұл аса маңызды, өйткені жасалған зерттеу жұмыстары тілді білетін адамдардың экономика дамуына әсер беретіндігі дәлелдеді. Мысалы, ағылшындар кей кездері өздерінің шарттарын тек бір тілді ғана білгендіктерінен жоғалтып алатындықтарын айтқан. Әлемде барлық елдер ағылшын тілінде сөйлемейді. Сонымен қатар, экономиканың дамуына тілдің әсері өте зор. Мемлекет үшін білімі бар, бірнеше тілде сөйлейтін халық маңызды»,-деді ол.

Басқарма төрағасы сөзін қорытындылай келе, тілді білу адамдардың өздері үшін, сонымен қатар қоғам мен мемлекетке үлкен маңыздылыққа ие екендігін айтып өтті.  

Анар Тәңірқұлова

Видео Азамат Әлімов 

 

Барлық жаңалықтар