• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы «Даму» қоры әкімдіктермен бірлесіп шалғай аудандардың кәсіпкерлерін қаржыландыруға 24 млрд теңгеге жуық қаржы бағыттайды

2016 жылы «Даму» қоры әкімдіктермен бірлесіп шалғай аудандардың кәсіпкерлерін қаржыландыруға 24 млрд теңгеге жуық қаржы бағыттайды

14 Маусым, 2016 18:19
2016 жылы «Даму» қоры әкімдіктермен бірлесіп шалғай аудандардың кәсіпкерлерін қаржыландыруға 24 млрд теңгеге жуық қаржы бағыттайды. Бұл туралы ШОБ-ты дамыту мен қолдау мәселелеріне арналған ҚР Үкіметінің отырысында «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова хабарлады.

« «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2010 жылдан бастап сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсатында 1 426,11 млрд. теңге жалпы сомасына 7 419 субсидиялау жобаларына қол қойылды, 123,8 млрд. теңгеге субсидия төленді.  2016 жылғы қаңтар-мамыр аралығында «Даму» қоры 58,3 млрд. теңге жалпы сомасына 640 жобаға қол қойып, 10,01 млрд. теңге субсидия төледі», - деді Л.Ибрагимова.

Ләззат Ибрагимова атап өткендей, Бірыңғай бағдарлама шеңберінде «Даму» қорының кәсіпкерлікті қолдаудың басқа да сұранысқа ие құралы банктерде кредит алуға жеткілікті кепілдікті қамтамасыз етуі жоқ кәсіпкерлерге кепілдік беру болып табылады.Ағымдағы күннің жағдайы бойынша 30,6 млрд.теңге жалпы сомасына 1 918 кепілдік берілді.

«Бұл шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 71,9 млрд.теңге сомасына банктерден кредит тартуға мүмкіндік туғызды.  2015 жылдың осыған ұқсас көрсеткіштерімен салыстырғанда «Даму» қорының кепілдік беру өсімі   74 %-дан астамды құрады», - деді ол.

Нәтижесінде, бес жыл ішінде Бірыңғай бағдарламаның қатысушылары 5,1 трлн.теңге сомасына өнім шығаруды қамтамасыз етті, 428 млрд.теңгеге салық төледі, 216,8 мың жұмыс орнын сақтап, 67,4 мың жаңа жұмыс орындар ашты.

Сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингі жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастықты кеңейтуде. 2016 жылы Холдингтің еншілес ұйымы – «Даму» қоры әкімдіктермен бірлесіп, өңірлік кәсіпкерлерді, соның ішінде ауылдар мен шалғай аудандарының кәсіпкерлерін қаржыландыруға          23,9 млрд. теңге бағыттайды.

Сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингі жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастықты кеңейтуде. 2016 жылы Холдингтің еншілес ұйымы – «Даму» қоры әкімдіктермен бірлесіп, өңірлік кәсіпкерлерді, соның ішінде ауылдар мен шалғай аудандарының кәсіпкерлерін қаржыландыруға          23,9 млрд. теңге бағыттайды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар