• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Бишімбаев: Маусым айына қарай Қазақстанның экономикасы бейтарап деңгейге шығады

Қ.Бишімбаев: Маусым айына қарай Қазақстанның экономикасы бейтарап деңгейге шығады

14 Маусым, 2016 18:11
Бес айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптің үш секторларында төменгі өндіру көлемі баяулады, бұл маусым айына қарай Қазақстанның экономикасының бейтарап деңгейге шығуына септік болады, деп ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында мәлім етті.

«Өнеркәсіптік өндірістің төмендеуі қай салада болып жатқандығын білеміз. Бірінші кезекте әрине, мұнай өндіру саласында, көмір және қара металлургия өндіру саласында. Осы үш сектор ЖӨІ-нің төмендеуіне әсер етті. Қаңтар-мамыр айларының қорытындысы төмендеудің бәсендегенін көрсетеді. Егер қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша төмендеу 0,4 пайыз болса, қаңтар-мамыр айларын алатын болсақ – 0,2 пайыз. Яғни, 1 ай ішінде 0,2 пайызды қайта ұтып алды. Маусым айына қарай экономиканың бейтарап деңгейге шығуын күтудеміз»,-деді ол.

ҚР Ұлттық экономика министрі сөз барысында Мемлекет басшысының іске асыруға берген шаралары экономиканы қолдауға көмектесетіндігін айтып өтті. Осылайша болжам өзгеріссіз қалады – жыл соңына дейін 0,5 пайыз.

«Егер шаралар іске асырылатын болса, өсім де ұлғаюы мүмкін. Нақты анықталған мәліметтерді маусым айында және тамыздың басында айта аламыз»,-деді министр.

Барлық жаңалықтар