- Басты
- ОҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 45 нысанның құрылысы жүруде
ОҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 45 нысанның құрылысы жүруде

Елбасының «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарындағы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша осы жылы 45 нысанның құрылысын жүргізуге Ұлттық қордан 23,5 млрд. теңге бөлінген.
Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, аталған құрылыс жұмыстары 5 бағытқа бөлінген. Бірінші бағыт бойынша 24 білім беру нысандарының құрылысы жүріп жатса, екінші бағыт аясында Шымкенттегі кәріз, су және жылу жүйелеріне арналған 5 нысан салынуда. Үшінші бағыт - инженерлік-коммуникацияларының құрылысы бойынша 11 нысанның құрылысы жүргізіліп жатса, төртінші бағыт – «Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту негізінде 4 нысанның құрылысы жүргізіледі. Бесінші бағыт бойынша, яғни «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласында еңбекші жастарға арналған жатақхананың құрылысы жүргізіледі.
«Елбасының 18 мамырдағы тапсырмасына сәйкес осы бағдарламаның жоғары деңгейде іске асырылуын қамтамасыз ету үшін облыста арнайы жұмысшы топ құрылып, әрбір нысанның құрылысы қатаң бақылауға алынды. Жыл қорытындысымен бөлінген бюджет қаржысы толық көлемінде игеріліп, жоспарға сәйкес 20 нысан пайдалануға беріледі (оның ішінде 9 мектеп, 1 балабақша және 10 инженерлік-инфрақұрылым саласындағы нысандар). Жалпы, осы жоғарыда аталған бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде облыс бойынша 4,3 мың адамды жаңа жұмыс орындарымен қамту жоспарланса, 1 маусымдағы жағдайға 2 мың адам нақты жұмыспен қамтылды», - деді Е.Садыр.
-
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
Елорданы дамыту: Тұрғын үй құрылысы, үш ауысымды мектеп және әлеуметтік мәселелер
-
Қостанай облысының дамуы: экономиалық даму, ауыл шаруашылығы, жолдардың құрылысы, тұрғын үй мәселелері
-
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
-
Ұлан Әбішев: «Рухани жаңғыру» аясында ірі істер атқарылып жатыр
-
"Әліппе" оқу бағдарламасына қашан енгізіледі
-
«Нұрлы жол» бағдарламасы: Көлік-логистика инфрақұрылымының дамуы
-
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі жандандыру үшін арнайы Жол картасы әзірленбек
-
«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша баспана алудың жолдары қандай
-
Astana Hub: Жас қазақстандықтар Startup Explore бағдарламасы бойынша тегін оқи алады
-
«Ақ жол» демократиялық партиясы мәлімдеме жасады
-
Биыл теңгенің құны 450-ден көтерілмеуі тиіс - сарапшы

