- Басты
- Жаңалықтар
- KAZRC қазақстандық қауымдастық CRIRSCO халықаралық стандарттар құрамына бірауыздан қабылданды
KAZRC қазақстандық қауымдастық CRIRSCO халықаралық стандарттар құрамына бірауыздан қабылданды
Астанаға KAZRC минералдық қорлар мен минералдық ресурстарының, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері жөніндегі кодексін қарастыру және келісу мәселелері бойынша уәкілетті CRIRSCO комитетінің делегациясына Комитет төрағасы Гарри Паркер келді. Қазақстан тарапынан ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Б.Нұрабаев, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, соның ішінде KAZRC Ассоциациясы, ТМКҚ, ГҚӨҚ, жер қойнауын пайдаланушылар-компаниялары.
Атап айтқанда, осы комитетке мүшелік ету үшін міндетті болып табылатын құжаттар CRIRSCO делегациясына қарастыруға ұсынылды, оларды Қазақстанның KAZRC минералдық қорлар мен минералдық ресурстарының, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері жөніндегі бұқаралық есептілік қауымдастығы мен «Жер қойнауы бойынша тәуелсіз сарапшылардың кәсіби қауымдастығы» қоғамдық ұйымы (ПОНЭН) даярлады.
«CRIRSCO халықаралық стандарттары жөніндегі комитетімен KAZRC минералдық қорлар мен минералдық ресурстарының, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері жөніндегі қоғамдық кодексі мақұлданды және CRIRSCO халықаралық стандарттар құрамына қабылданды. Қазақстан Республикасы атынан CRIRSCO комитетінің мүшесі болып KAZRC Ассоциациясы тағайындалды», - деп мәлімдеді Ә.Исекешев.
Айтып өтілгендей, Кодекс компаниялардың минералдық-шикізатты активтерін тәуелсіз бағалауды даярлауға арналған және жер қойнауын пайдалану жобаларын қаржыландыру мақсатында шет елдік және отандық алаңдарға инвестиция жұмылдыруға бағытталған.
«Жер қойнауын пайдалану саласындағы әлемнің барлық биржалары CRIRSCO стандарттары бойынша әзірленген есептілікті қабылдайды, өйткені олар инвесторлар үшін басты тәуекелді – компаниялар есептілігінде көрсетілетін ресурстар мен қорлардың расталмауы тәуекелін айтарлықтай төмендетеді. Халықаралық стандарттарға көшу Қазақстанда жас компаниялар нарығының құрылуы мен дамуына мүмкіндік туады деп болжамданады және барлау көлемінің ұлғаюы нәтижесінде жаңа кен орындары ашылады», - деп баса айтты Исекешев.
Естеріңізге салсақ, CRIRSCO комитетінің мүшелігіне мемлекеттер мен өңірлерді құрайтын 9 ұлттық ұйымдар кіреді, олар: CIM (Канада), JORC (Австралия және Жаңа Зеландия, SME(АҚШ), PERC (Еуропа), SAMREC (ОАР), IMEC (Чили), MPIGM (Монғолия), NAEN (РФ), CBRR (Бразилия). CRIRSCO барлық мүшелерінің стандарттары бірыңғай үлгімен әзірленген.
Индира Кауметова
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстан Конституциясы қалай қабылданды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды