К.Мәсімов Елбасының терроризммен күрес бойынша тапсырмасын жеткізді

14 Маусым, 2016 17:51
Елбасының терроризммен күрес бойынша тапсырмасын Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкіметтің селекторлық режимдегі жалпы отырысында жеткізді.

«Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы стратегиялық және жүйелік тұрғыда бірқатар тапсырмалар берді, ол ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.  Осы орайда Елбасы ведомствоаралық жұмыс тобын құру тапсырылды. Олар эксремизм мен лаңкестікке қарсы кешендік шаралар жоспарын әзірлеуі керек», - деді К.Мәсімов

Басшылық Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктелді.

«ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi және «Самұрық-Қазына» қорымен бiрге әуежайлар, авто және темiржол вокзалдарын қазiргi заманғы тексеру жүйесiмен жарақтандыру бойынша бiрыңғай техникалық талаптар бекiту iс-шараларын қабылдауды тапсырамын», - дедi К.Мәсiмов.

«Ертеңнен бастап мен өңiрлерге шығамын. Бүкiл жерде ұшып келген уақытта әуежайды, ондағы тексеру жүйесiн қарап, сол жерде бiрден шешiм қабылдайтын боламыз», - деп толықтырды Үкiмет басшысы.

Айта кетейiк, Қауiпсiздiк кеңесiнiң отырысында Мемлекет басшысы ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық және жүйелi мәндегi бiрқатар нақты тапсырма берген болатын. Терроризм мен экстремизмге қарсы iс-қимыл саласында кешендi iс-шаралар әзiрлейтiн ведомствоаралық жұмыс комиссиясы құрылып, оған Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жетекшiлiк етедi.

Комиссия бiр аптаның iшiнде нормативтiк-құқықтық және ұйымдастырушылық мазмұндағы iс-шаралар жоспарын әзiрлейдi.  Бұдан бөлек, терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған жаңа заң жобасы бiр айдың iшiнде дайын болуы тиiс.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Қорғаныс министрлігіне ҰҚК, ІІМ және Қаржы министрлігімен бірге «бір аптада үлкен жүк көтергіш әскери-көліктік ұшақтарды сатып алу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуді» тапсырды.

Премьер-министр  мүдделi мемлекеттiк органдарға Президенттiң тапсырмаларын уақытында және сапалы орындауды қамтамасыз етудi тапсырды.       

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар