• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Даму» қоры egov.kz порталы арқылы кредиттік өтінімдерді қарауды автоматтандырды

«Даму» қоры egov.kz порталы арқылы кредиттік өтінімдерді қарауды автоматтандырды

14 Маусым, 2016 17:43
«Даму» қоры egov.kz порталы арқылы кредиттік өтінімдерді қарауды автоматтандырды. Бұл туралы ШОБ-ты дамыту мен қолдау мәселелеріне арналған ҚР Үкіметінің отырысында «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова хабарлады.

«Бәйтерек» холдингі алдындағы стратегиялық міндеттердің бірі шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету болып табылады.Кепілдік алу және банктердің өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту процесінің ашықтығы egov.kz порталы арқылы процесерді автоматтандыру және барлық банктерде кредиттік өтінімдерді қараудың бірыңғай стандарттарын енгізу есебінен қамтамасыз етілетін болады», - деді «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова.

Ләззат Ибрагимова атап өткендей, Бірыңғай бағдарлама шеңберінде «Даму» қорының кәсіпкерлікті қолдаудың басқа да сұранысқа ие құралы банктерде кредит алуға жеткілікті кепілдікті қамтамасыз етуі жоқ кәсіпкерлерге кепілдік беру болып табылады. 2016 жылдың мамыр айында 40 млн теңге несие құнында 17,5 млн теңгенің кепілдемесі берілді. Кепілдік 5 жұмыс күні ішінде қаралды.

  Кәсіпкерлерді қаржылай қолдаудың жаңа электрондық қызметтерін egov.kz порталы арқылы енгізу кәсіпкерлердің барлық санаттары үшін қызметтер алуға кең мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар