• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Мәсімов 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлердің кірістері мен шығыстарының міндетті декларациялануын еске салды

К.Мәсімов 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлердің кірістері мен шығыстарының міндетті декларациялануын еске салды

14 Маусым, 2016 16:59
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлердің кірістері мен шығыстарының міндетті декларациялануын ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметінің кезекті отырысында еске салды.

«Сіздердің естерінізге сала кетейін, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, яғни алты айдан кейін мемлекеттік қызметкерлердің кірістері мен шығыстарының міндетті декларациялануы басталады, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – Қазақстанның барлық азаматтары үшін. Уақыт тез зымырап өтуде және заңдастыруды өткізуге тек алты айымыз қалды. Осыған орай, барлықтарыңыз осыдан кейін сұраныстың жеткілікті қатаң және жауапты болатынын түсінулеріңіз керек»,-деді К.мәсімов.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар