• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандықтардың заңдастырылған шетелдегі мүлкінің құны 2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды

Қазақстандықтардың заңдастырылған шетелдегі мүлкінің құны 2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды

14 Маусым, 2016 16:57
Жыл басынан бергі заңдастырылған шетелдердегі мүлік құны екі есеге артып, 2 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

«Мемлекеттік кіріс органы желісі бойынша өткен жылдың желтоқсанына дейін заңдастырылған шетелдердегі мүлік құны 1 млрд. теңгені құраған болатын. Қазіргі уақытта шетелдегі мүлкін заңдастыру үшін хабарласқан адам саны 81 және бұл көрсеткіш екі еселеніп, 2 млрд. теңгеге жетті. Бірақ, біз шетелдік мүлікті заңдастыру бөлігінде әлеует бар, деп ойлаймыз»,-деді ҚР Қаржы министрі Үкіметтің отырысында.

Б.Сұлтанов 2016-шы жылдың ақпан-наурыз айларында «Атамекен» ҰКП бизнес-қоғамдастықпен сенімді басқармалардағы мүлікті заңдастыру мәселелерін дайындау жөнінде уәде берген еді, деп осы іске назар аударды. Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда ондай мүліктерді заңдастырудың дерегі тіркелмеген.

Барлық жаңалықтар