Б.Сұлтанов: Қазақстанда 1,6 трлн теңгенің мүлкі заңдастырылды

14 Маусым, 2016 16:49
Бүгінгі таңда елде 1,8 трлн теңгенің мүлкін заңдастыруға өтініш берілді, оның 1,6 трлн теңгесі заңдастырылды, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

«Бүгінгі таңда 1,8 трлн  теңгенің мүлкін заңдастыруға өтініш түсті, оның ішінде 1,6 трлн теңгесі заңдастырылды. Республика  аймағындағы мүлік  - 687 млрд теңге, шетелдік мүлік – 2 млрд теңгені құрады. Банк есепшоттарына көшірілген сома 978 млрд теңгені құрады», - деді Қаржы министрі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, мамыр айында ғана банк ессепшотына  300 млрд теңге көшірілді. Орташа айлық көрсеткіш жыл басынан бері 160 млрд теңгені құрады.

«Екінші жария ету  банк есебіне 10 пайыздық төлемсіз ақшаны заңдастыруға бағытталған, бүгінде 24 адам 1 млрд теңгені заңдастырды», - деді ол.

Жылжымайтын мүлікті жария ету бойынша әкімдіктерге бір ай ішінде 3156 өтініш 32 млрд теңгеге келіп түскен. Бір айда 2172 өтініш заңдастырылды. Жарты жыл ішінде заңның жаңа қосымшаларында өңір әкімдіктері 315 млрд теңгенің мүлкін заңдастырды.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар