- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мемлекет және діни бірлестіктердің өзара әрекеттестігі бойынша конференция өтті
Астанада мемлекет және діни бірлестіктердің өзара әрекеттестігі бойынша конференция өтті
Аталмыш іс-шараға танымал сарапшылар, мемлекеттік органдардың, жоғарғы оқу орындарының, зерттеу орталықтарының, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Конференцияның мақсаты Қазақстандағы мемлекет пен діни бірлестіктердің арасындағы қарым-қатынастардың көкейкесті тұстарын талқылау, сонымен қатар зайырлылық пен діншілдік арасындағы ұзақ мерзімдік тепе-теңдікті одан әрі сақтау мен дамытудың жолдарын қарастыру болды», - делінген хабарламада.
Конференция жұмысын Орталықтың директоры Г.Е. Шлымованың кіріспе сөзімен бастады. Ол өз сөзінде мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазақстандық моделін жетілдіруге бағытталған аталмыш іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
Конференцияның жалпы отырысында Қазақстандағы діни бірлестіктер қызметі құқықтық негіздерінің жағдайы және даму келешегі қарастырылды. ДІА Конфессияаралық қатынастар департаментінің директоры Б.К. Күлекеевтің баяндамасында Қазақстандағы мемлекеттік-конфессионалдық қатынастың өткір мәселелері қарастырылуымен қоса, олардың даму перспективасы да берілді. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор А.Г. Косиченконың сөзінде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты тиімділігін арттыру үшін зайырлылық принципін нақтылау қажеттігіне баса назар аударылды.
«ҚР діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері: қазіргі жағдайы мен даму перспективасы» деген екінші секцияның жұмысына терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет етудің жалпымемлекеттік жүйесіндегі Қазақстан құқық қорғау органдарының рөлі, діни экстремизмнің алдын алудағы аймақтық Дін істері басқармасының жұмысы сияқты мәселелер арқау болды. Діни бірлестіктерді бір жүйеге салу мәселесі мен қазақстандық қоғамды модернизациялау процессіндегі рухани құндылықтардың рөлі де сөз етілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар