• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б. Бейсенов: Кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша астаналық кеңес бизнестің 30-дан астам проблемалық мәселелерін қарады

Б. Бейсенов: Кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша астаналық кеңес бизнестің 30-дан астам проблемалық мәселелерін қарады

14 Маусым, 2016 20:06
Кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша астаналық кеңес бизнестің 30-дан астам проблемалық мәселелерін қарады, деді Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Бауыржан Бейсенов Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

Астана қаласы кәсіпкерлерінің заңдық мүддесін және құқықтарын тиімді қорғау мақсатында, сонымен қатар, бизнестің дамуындағы проблемалық мәселелерді жариялайтын қалалық Кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған кәсіпкерлер құқығын қорғау Кеңесі 2014-ші жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның құрамына астаналық прокуратура өкілдері, қалалық мемлекеттік қызмет бойынша агенттік және жемқорлыққа қарсы Департамент, сонымен қатар, жетекші бизнес-қоғамдастық өкілдері, белгілі заңгерлер мен құқықтанушылар, қоғам қайраткерлері кіреді.

Б.Бейсенов хабарлағандай, 2014-ші жылдан бері кәсіпкерлер құқығын қорғау Кеңесінің 15 отырысы өткізілген. Онда бизнес субъектілердің 34 проблемалық мәселелері қаралып, олардың ішіндегі 28-не оңтайлы шешім шығарылған.

Сонымен қатар, сәулет және қала құрылысы сияқты қала әкімдігі басқармаларымен жұмыс тобы құрылған.

«2015-ші жылдың ақпан айында құрылған жұмыс тобы 34 отырыс өткізіп, 200-ден астам бизнестің проблемалық мәселелерін қарады. Ондағы шешімдердің басым көпшілігі кәсіпкерлердің пайдасына шешілді»,-деді ол.

Жұмыс тобының қарауымен оңтайлы шешімге ие болған «Кәмпит» ЖШС-ң мәселесін мысалға алуға болады. Бұл серіктестік бизнесін кеңейту мақсатында жаңа нысан салу үшін жанындағы бос жатқан жерге рұқсат ала алмай 5 жыл жүрген. Соңында Палатадан көмек сұрауға мәжбүр болған. Жұмыс тобының бінеше отырысында аталмыш мәселе түбегейлі қарастырылып, ақыры кәсіпкердің  пайдасына шешілді. Ол қазір кәсібін кеңейту мақсатында ол жерге жаңа нысан құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар