Асқар Мырзахметов Жер реформасы комиссиясына жетекшiлiк етедi

14 Маусым, 2016 16:29
Жер реформасы жөнiндегi комиссияға ендi Премьер-министрдiң орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов жетекшiлiк етедi. Бұл туралы бүгiн Үкiмет отырысында белгiлi болды.

«Бiзге ендi iштегi мiндеттердi қайта бөлу керек. Бақытжан Сағынтаев  ауыл шаруашылығы саласында сiз айналысқан мәселелердi қайта бөлу қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сiз жетекшiлiк еткен Жер реформасы жөніндегі комиссия ендi Асқар Мырзахметовке беріледі», - дедi отырыста Премьер-министр Кәрiм Мәсiмов.

Айта кетейік, Елбасының Жарлығында «Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын»,- деп жазылған болатын.

«Бірінші кезекте сенімділік танытқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Аталмыш шешім ауыл шаруашылығының саласы қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Мен үшін барлық алдағы жоспарлар анық. Мен бұл салада барлық тәжірибем мен білімімді қолданамын», - деді А.Мырзахметов.

 

Барлық жаңалықтар