• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Құлыбаев: ҚР-да заңнаманы жемқорлыққа қарсы сараптауды заңдастыру қажет

Т.Құлыбаев: ҚР-да заңнаманы жемқорлыққа қарсы сараптауды заңдастыру қажет

14 Маусым, 2016 16:21
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев жемқорлыққа қарсы заңнаманың сараптамасын жүргізуді заңды түрде бекіту қажеттігін Бас пркуратурадағы форум барысында айтты.

«Меморгандағы жемқорлыққа қарсы өте үлкен мәселе бар. Егер оларда заңды түрде тексеріспен келу тәртібі болмаса кәсіпкерлердің шығынын қысқарту мүмкіндігі азаяды. Бұл жұмысты жүйелің түрде жүргізу үшін  заңнамалы түрде жемқорлыққа қарсы сараптма жүргізу керек», - деді ол.

Құлыбаев атап өткендей, «бұрындары бұл сынды қызмет заңды түрде жүзеге асатын».

«Заңнаманы жемқорлыққа қарсы сараптамалауды заңды түрде тексеруге қайта көшуді ұсынамын. Бұрындары бұл сараптаманың тиімсіздігі айталған болатын, қазір бізде ҰКП бар әр облыста адамдар бар, бұл тәжірибені қалай қолдану керектігін біз білеміз. Біз бұл жұмысты жүйелендіріп, өзге мемлекеттік органдармен бірігіп Парламентке ұсыныс тастайтын дәрежеге жеттік, бақылау мен реттеу қызметін ықшамдайтын еді», - деді ол.

Оның айтуынша, ҚР-да мемлекеттік орган құзыры аса қолданылатын жерлерде лизинг өткізу қажет.

 

Барлық жаңалықтар