• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ҰЭМ: «БЖК 2020» қатысушыларының жалпы өнім шығысы 2016 жылдың 1 тоқсанында 370 млрд теңгені құрады

ҚР ҰЭМ: «БЖК 2020» қатысушыларының жалпы өнім шығысы 2016 жылдың 1 тоқсанында 370 млрд теңгені құрады

14 Маусым, 2016 16:13
«БЖК 2020» Бірыңғай Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ағымдағы жылдың 1 тоқсанында қатысушылармен 37 млрд теңгенің салығы төленді, жалпы өнімнің шығысы 370 млрд теңгені құрады, деп Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов халықпен есептік кездесу барысында мәлім етті.

«Шағын және орта бизнес өнімдерінің қосылған құнын ұлғайту үшін және максималды тиімділікке қол жеткізу үшін субсидиялар және кепілдіктер шаралары тиімді кәсіпорынға қайта бағдарланды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ШОБ-тың 34 жобасына 16,5 млрд теңгенің  инженерлік инфрақұрылымы өткізілетін болады. Жаңа бизнес бастаманы жүзеге асыруға 59,8 млн теңгенің 47 мемлекеттік гранты берілді. Өз ісін ашып, дамытуға 286,6 млн теңгенің 76 шағын несиесі берілді»,-дедлі министр.

Осылайша, кәсіпкерлік құзіретін арттыру үшін 7000 –нан астам кәсіпкер оқудан өтті, 6936 кәсіпкерге 11000 қызмет көрсетілді.

«БЖК 2020» Бірыңғай Бағдарламаны іске асыру нәтижесіндеағымдағы жылдың 1 тоқсанында қатысушылармен 37 млрд теңгенің салығы төленді, жалпы өнімнің шығысы 370 млрд теңгені құрады, 8 мың жұмыс орны құрылды. Орта есеппен, 1 теңге салынған бюджеттік қаражат 1,5 теңге салық түсімдерін қамтиды. 1 учаскіге 20 жұмыс орны келеді және еңбек өнімділігі жылына 9 млн теңгені құрайды»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар