• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШОБ-тың ЖӨІ-ге қосқан үлесі 2015 жылдың 26,2% көрсеткішімен салыстырғанда 25,6 %-ын құрады - ҚР ҰЭМ

ШОБ-тың ЖӨІ-ге қосқан үлесі 2015 жылдың 26,2% көрсеткішімен салыстырғанда 25,6 %-ын құрады - ҚР ҰЭМ

14 Маусым, 2016 15:48
2016 жылы шағын және орта бизнестің әрекеттегі субъектісі 1,3%-ға ұлғайды. Алайда, ШОБ-тың ЖӨІ-ге қосқан үлесі 2015 жылдың 26,2% көрсеткішімен салыстырғанда 25,6 %-ын құрады, деп ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев селектрлі тәртіптегі ҚР Үкіметінің кезекті отырысында мәлім етті.

«2016 жылы шағын және орта бизнестің әрекеттегі субъектісі 1,3%-ға ұлғайды (1 285 287-ден 1 302 56-ға дейін). 2015 жылдың қорытындысы бойынша осы секторда жұмыс істейтін адамдар саны 3 146 576 болды, ол 2014 жылмен салысытырғанда  (3 062 010) 2,8%-ға көп»,-деді министр.

Ведомство басшысының мәліметінше, ШОБ субъектілерімен 2015 жылы 15 858,4 млрд теңгенің өнімі шығарылды және ол 2014 жылмен салысытырғанда (14 609,7 млрд тг) 1,8%-ға көп.

«ШОБ көрсеткішінің өсуіне қарамастан, еліміздің экономикасына осы кәсіпкерлік сегменттің үлесі азаю үстінде. Оның барлыға сыртқы ортаның нашарлауына және екінші деңгейдегі банктердің экономиканы несиелеуді азайту салдарынан болуда. Бүгінгі күні ШОБ-тың ЖӨІ-ге қосқан үлесі 2015 жылдың 26,2% көрсеткішімен салыстырғанда  25,6 %-ын  құрады»,-деді министр.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар