- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада коммуналдық ақылы тұрақтар үшін 259 учаске бөлінеді
Астанада коммуналдық ақылы тұрақтар үшін 259 учаске бөлінеді
Елордалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменовтың айтуынша, техникалық мәліметтер бойынша 40 тұрақ орнына 1 паркоматтан келеді.
«Жобаға кіретін жабдықтарға паркоматтар, мобильді қосымша, ақпараттандыру жүйесі, тетіктер мен төлем жасауды бақылау жүйесі жатады. Астана ЛРТ компаниясымен бірге инвестормен келісім жасалады, бұл жағдайда бюджет қаржысы емес, тек инвестициялық қаржы ғана жұмсалады», - деді баяндамашы.
Аталған жоба 2 кезеңге бөлінеді, бірінші кезеңде елорданың сол жағалауында – «Нұржол» желегінің, Ақмешіт пен Түркістан көшелерінің бойында 910 ақылы тұрақ орны пайдалануға беріледі. Бірақ бұл кезеңде Қоғамдық кеңес мүшелері мен Астана қаласының мәслихаты депутаттарының ескертулерін ескере отырып, аталған учаскелердегі тұрақтар тестілік режимде жұмыс істейді, ал жүйе техникалық жағынан толығымен сынақтан өтіп болған соң ақы алынатын болады.
Қазіргі кезде коммуналдық ақылы тұрақтарды пайдалану үшін тарифті есептеу жүргізілді.
Белгіленген баға барлық шығындарды толық өтеуге кепіл беріп, рентабельділікті қамтамасыз етеді. Есептеулер бойынша бір сағат үшін тариф 182 теңгені құрайды, бірақ жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескере келе, базалық тарифті сағатына 150 теңге мөлшерінде белгілеу ұсынылды.
«Аталған жобаның мақсаты ақы алу, бюджетті толықтыру емес, көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайту», - деді Е. Сүлейменов.
Кеңес мүшелері жобаны жиналғандардың барлық ниет-тілектерін ескере отырып, ешбір ескертусіз қабылдады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды