• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылдың басынан бастап 16 мыңнан астам жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған

2016 жылдың басынан бастап 16 мыңнан астам жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған

14 Маусым, 2016 15:21
2016 жылдың басынан бастап жолдарда 11700 жүргізуші мас күйінде ұсталған, олардың ішінде 1600 қамауға алынды, 16 мыңнан астам жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов халықпен есептік кездесу барысында мәлім етті.

«Жолдарда тәртіп орнату барысында өзекті түрде фото/видео-фиксациялары қолданылады, әкімдердің қолдауымен осындай қондырғылардың саны арту үстінде. Біздің заңнамамен жылдамдықты асыру бойынша, қызыл түске өтіп кету, қарама-қарсы жолаққа шығу бойынша қатаң шаралар қарастырылған»,-деді министр.

Алайда, осыған қарамастан, ведомство басшысының айтуынша, жол қозғалысы қатысушыларының тәртібі және бірінші кезекте жүргізушілердің тәртібі төмен болып келеді.

«2016 жылдың басынан бастап жолдарда 11700 жүргізуші мас күйінде ұсталған, олардың ішінде 1600 қамауға алынды, 16 мыңнан астам жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды»,-деді Қ.қасымов.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар