Қ.Қасымов: 2016-шы жылдың 5 айында Қазақстанда ЖКО-ы 3,3%-ға төмендеді

14 Маусым, 2016 15:36
Биылғы жылдың 5 айында жол көлік оқиғасы 3,3%-ға төмендеді, деп хабарлады Қазақстан Республикасыныңы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов халықпен есептік кездесуі барысында.

«Соңғы жылдары жалпы жол қауіпсіздігі саласында жағдайдың жақсарғаны байқалады. Автопарктердің өсуі қанша жалғасқанына қарамастан елдегі жол апатының көрсеткіші өткен жылғыдай, тіпті қазір төмендеп келеді. Соңғы 5 жылда еліміздегі автокөліктер саны 3,1 миллионнан 4,5 миллионға дейін өсті»,-деп мәлімдеді министр.

Өткен жылы жол көлік оқиғасы 7%-ға, мерт болғанда 5%-ға және жарақаттанғандар саны 7%-ға төмендеген.

«Биылғы жылдың бес айында еліміз бойынша жол ережесін бұзу 3,3%-ға, мерт болғандар  6,9%-ға, жарақаттанғандар 3,5%-ға төмендеді»,-деп мәлімдеді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар