Қазақстандық мектептерге қосымша 1800-ден астам мектеп инспекторы қажет

14 Маусым, 2016 14:32
ҚР мектептерінде 2 168 инспектор жұмыс жасайды. Олар мектеп әкімшілігімен тығыз жұмыс атқарады, қосымша 1850 мектеп инспекторлары қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов халықпен есептік кездесу барысында мәлім етті.

«Өткен жылы жасөспірімдермен 4 мың қылмыстық іс жасалды, оның ішінде 23 кісі өлтіру, 55 қарақшылық, 568 тонаушылық, 71 денсаулыққа қатты зақым келтіру, 320 бұзақылық қылмыс және 2124 ұрлық жасалды»,-деді ол.

Министрдің айтуы бойынша, қылмысқа араласқан жасөспірімдердің шамамен жартысы – есіртке немесе алькогольді ішімдікті қолдану барысында қылмыс жасаған мектеп оқушылары мен студенттер қатары. Сол себепті ішімдік ішу, есірткі және жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс бойынша әкімдіктің қолдауымен соңғы кездері ҚР-да полиция жанындағы оқушылар институты даму үстінде.

«Қазір мектепте 2 168 испектор жұмыс жасайды және олар мектеп әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен тығыз байланыста. Олар әрбір ірі қалалық және ауылдық мектептерде болуы тиіс, осыған орай қосымша тағы 1850 мектеп инспекторлары қажет»,-деп толықтырды сөзін министр.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар