Өскеменде көпқабатты 35 үйдің құрылысы жүріп жатыр

15 Маусым, 2016 17:31
2016-шы жылы Өскеменде өтпелі нысандарды қосқанда жалпы алаңы 311 мың шаршы метрді құрайтын көпқабатты 35 үйдің құрылысы жүріп жатыр. ШҚО ақпарат орталығының хабарлауынша, жайлы тұрғын үй жағдайын жасаудан бөлек, қалада ауқымды көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев айтқандай, әлеуметтік және экономикалық үлкен маңызға ие болып отырған тұрғын үй құрылысы. Биыл жалпы алаңы 137,7 мың шаршы метр болатын 21 көпқабатты үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында «ТҚЖБ желісі бойынша баспана» және «Жас отбасыларға арналған баспана» бағдарламалары бойынша 2 үй пайдалануға берілді. 19-шы тұрғын ауданында 4 үйдің және Сәтбаев даңғылы ауданында 42 үйдің жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жоспарланып отыр.

«Біз тұрғын үй құрылысының қарқынын жылдамдатып жатырмыз. Бұдан бөлек, облыс орталығын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары да өзекті»,-деп атап өтті Е.Аймұқашев.

Сондай-ақ, қала әкімінің сөзінше, қалада 6 балалар және 6 спорттық алаңшалар орналастырылатын болады. Сонымен қатар, жарықтанджыру мен жаяу жүргішілер жолын жөндеу, көгалдандыру бойынша жас ағштар отырғызу жұмыстары жүргізілмек.

Барлық жаңалықтар