• Басты
  • Қазақстан 2020 жылға қарай логистиканың тиімділігі индексі бойынша ДБ рейтингісінің 40-шы орнын иеленуге мүдделі
26 Қараша, 2013 10:25

Қазақстан 2020 жылға қарай логистиканың тиімділігі индексі бойынша ДБ рейтингісінің 40-шы орнын иеленуге мүдделі

ҚР көлік инфрақұрылымын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанға логистиканың тиімділігі индексі бойынша Дүниежүзілік банк рейтингісінде 40-шы орынға жетуге мүмкіндік береді, деп хабарлады көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.

Қазақстан 2020 жылға қарай логистиканың тиімділігі индексі бойынша ДБ рейтингісінің 40-шы орнын иеленуге мүдделі | Strategy2050.kz

«Министрлік Дүниежүзілік банкпен бірге Іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп келеді, оларды жүзеге асыру Қазақстанға 2020 жылға қарай аталған рейтингте 40-шы орынға жетуге мүмкіндік береді», - деді А.Жұмағалиев.

Ведомство басшысы еске түсіргендей, 2012 жылдың қортындысы бойынша Қазақстан Дүниежүзілік банктің аталған рейтингісінде 86 орынға ие. Оның айтуынша, Қазақстанның аталған көрсеткіш бойынша позициясын жақсарту үшін көлік инфрақұрылымын жақсарту, сондай-ақ қазіргі нақты және нақты емес кедергілерді алып тастау бойынша кешенді жұмыс жүргізу қажет.

А.Жұмағалиевтің айтуынша, Бағдарламаның міндеттерінің бірі логистикалық жүйені дамыту деңгейімен тығыз байланысты көлік инфрақұрылымын тиімді пайдалану және дамыту болып табылады.

Жалпы алғанда, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, Бағдарламаны жүзеге асыру 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдауды 2 есеге арттыруға, көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне ықпалдастыруды қамтамасыз етіп, сондай-ақ өңірлерде жергілікті көлік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды