• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ІІМ: 2015-ші жылы көші-қон заңнамасын бұзған 11 мың шетелдік ҚР-дан шығарылды

ҚР ІІМ: 2015-ші жылы көші-қон заңнамасын бұзған 11 мың шетелдік ҚР-дан шығарылды

14 Маусым, 2016 12:26
Өткен жылы елімізге 1 млн. 300 мың шетелдік келген. Көші-қон заңнамасын бұзған 170 мың шетелдік әкімшілік жауакершілікке тартылып, олардың 11 мыңы елден шығарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов халықпен есептік кездесуінде хабарлады.

«ІІМ-і көші-қон жағдайларын жіті бақылайды. Жыл сайынғы Қазақстанға келетін шетелдіктердің ағыны толастамайтынын байқап отырмыз. Өткен жылы елімізге 1 млн. 300 мың шетелдік келген. Көші-қон заңнамасын бұзған 170 мың шетелдік әкімшілік жауакершілікке тартылып, олардың 11 мыңы елден шығарылды»,-деп мәлімдеді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, шетелдік жұмыс күшін пайдалану тәртібін бұзған 2 мыңнан астам жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Өткен жылы 141 еңбек потенті берілген. Бұдан мемлекеттік кіріске салық ретінде 1,3 млрд. теңге түсті»,-деді Қ.Қасымов.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар