Астананың барлық сот залдарында аудио/бейне қондырғылары орнатылған

14 Маусым, 2016 12:14
Бүгінгі таңда Астананың барлық сот залдарында аудио/бейне қондырғылары орнатылған, деді қалалық судья Сайран Әлімбаева.

«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанада барлық сот залдары аудио/бейне қондырғыларымен қамтылды. Бүгінгі таңда аппаратура қаланың барлық сот залдарында орнатылды. Судья жазылымды сөндіріп, не болмаса тоқтата алмайды. Камералар автоматтық түрде қосылады. Егер де судья не қорғаушы камераны өшіретін болса, ол жауапкершілікке тартылады», - деді ол.

Әлімбаева атап өткендей, сот отырысының аяқталуымен залда қызметтік тексеріс жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша судьяның  талапқа бағынуының нәтижесі шығады.

«Сот төрағасы талапқа бағынбаған жағдайда сот төрағасы  облыстық президиум пленумы немесе оған теңестірілген сотқа таныстырылым жазады. Сол құжат бойынша отырыс  судьяны жауапкершілікке тарту бойынша шешім қабылдайды», - деді ол.

Барлық жаңалықтар