• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада 2016 жылдың 5 айында 650-ден астам сот ісі тараптардың келісумен аяқталды

Астанада 2016 жылдың 5 айында 650-ден астам сот ісі тараптардың келісумен аяқталды

14 Маусым, 2016 12:06
2016 жылдың 5 айында 659 сот ісі тараптардың келісумен аяқталды. Бұл туралы Астана судьясы Гүлнар Әбдіғалиева ОКҚ-да мәлімдеді.

«Бірінші инстанциядағы сот үшін маңызды мәселе өтініш беруді бей-жай қалдырмау болып табылады, жаңа кодекс  арызды қайтаруды қарастырады,  жағдай барлық тәртіп орындалмағанда жүзеге асады. Бұл азаматтардың сотқа жүгіну бойынша сауаттылықтарын арттырады», - деді Ғ.Әбдіғалиева.

Соттар 2016 жылдың 5 айында 2086 талап өтінішін қайтарды, ол жағдайларда заңсыз негіссіз өтініш берілген.

«Сондай-ақ, жаңа кодекс келістіру шараларын қарастырып отыр. АПК келісу үрдісі мен татуластыру шараларының тәртіптері қарастырылған. Соңғы 5 айда келістіру шараларына 659 іс, өткен жылы 288 іс келген болатын», - деді судья.

Сондай-ақ, тараптар үшін ынталандыру болып мемлекеттік баж салығының қайтарылуы ғана емес, білікті мамандардың дауларды  шеше алуына байланысты.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар