• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ІІМ: 2016 жылдың басынан бастап Қазақстанда кісі өлтіру саны 13,5%-ға азайды

ҚР ІІМ: 2016 жылдың басынан бастап Қазақстанда кісі өлтіру саны 13,5%-ға азайды

14 Маусым, 2016 11:52
Қазақстанда жасалған қылмыстардың саны азайды. Жыл басынан бастап қылмыс туралы 940 мың өтініш пен хабарламаны қарастырдық, оның ішінде 168 мыңына сотқа дейінгі тергеу басталды. Кісі өлтіру саны 13,5% -ға азайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов халықпен есептік кездесу барысында мәлім етті.

«Жыл басынан бастап қылмыс туралы 940 мың өтініш пен хабарламаны қарастырдық, оның ішінде 168 мыңы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, кісі өлтіру саны 13,5% -ға азайды, ұрлық 13%, тонаушылық 10%, алаяқтық 15% және бұзақылық 40 %-ға төмендеді»,-деді министр.

Ведомство басшысы айтып өткендей, елімізде тіркелген 60%-дан астам қылмысты ұрлық құрайды, көбінесе ол шағын және орта қылмыстар, ұялы телефондардың ұрлығы, автокөліктегі жеке заттардың ұрлығы мен қалта ұрлығы.

«Осындай шағын қылмыстық іс жалпы халықтың мүддесіне әсер етеді, өкінішке орай, ұрлықты алдын алу бойынша жұмысты жеңе алмадық, сол себепті халық осы бағытта полицейлердің жұмысына қанағатсыз болуы орынды»,-деп толықтырды министр.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар