• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әбдіғалиева: Үш буынды сот жүйесіне көшу арқылы судьялар дауларды терең зерттеуге мүмкіндік алады

Г.Әбдіғалиева: Үш буынды сот жүйесіне көшу арқылы судьялар дауларды терең зерттеуге мүмкіндік алады

14 Маусым, 2016 11:43
Үш буынды сот жүйесіне көшу істі сот қарауына дайындау мерзімі бойынша жетілдіру немесе арттыруда барынша рұқсат етілген жағдайлармен кең көлемде істі сапалы және толыққанды түсіндіруге мүміндік беретін тетік. Бұл туралы Астана қаласының судьясы Гүлнәр Әбдіғалиева ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Үш буынды сот жүйесіне көшу істі сот қарауына дайындау мерзімі бойынша жетілдіру немесе арттыруда барынша рұқсат етілген жағдайлармен кең көлемде істі сапалы және толыққанды түсіндіруге мүміндік беретін тетік. Судья тәжірибесінде қарауға жақсы дайындалған істі, бір немесе екі сот отырысында зерттеуге болады. Аудандық және қалалық соттардағы 20 мың сот ісінің біреуі де екі реттен артық қаралған емес. Өндірісте оңайлатылған және бұйрықпен қаралатын істердің тізімдері кеңейтілген. Яғни, жедел қарауға икемдейді. Қиын мәселелер бойынша судьяларға уақыт көбірек беріледі»,-деді Г.Әбдіғалиева.

Қала сотында 5 айда 19 628 іс аяқталған, олардың бұйрықтық өндірісте 5 356-сы, жеңілдетілген өндірісте 3 700-і қаралған.

«46% істі соттар қысқа мерзімде қарап шығады. Салыстырмалы түрде аталмыш көрсеткіш 25%-ды құрайды. Сондай-ақ, жеңілдетілген өндіріс бойынша халықтың 8%-ы сот актісімен келіспей, кері қайтару туралы сотқа шағымданған»,-деді судья.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар