• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бас прокуратура форумында кәсіпкерлік саласындағы құқық мәселесі талқыланады

Бас прокуратура форумында кәсіпкерлік саласындағы құқық мәселесі талқыланады

14 Маусым, 2016 11:04
Ағымдағы жылғы 14 маусымда Бас прокуратурада «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы тақырыбында форум өтеді, еп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Іс-шараның бірлескен ұйымдастырушылары - «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау республикалық қоғамдық кеңесі.Форум Мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылуда.

Осы іс-шарада кәсіпкерлерді неғұрлым қызықтыратын, атап айтқанда, оларды қылмыстық процесс шеңберіне тарту, тексерістерді тіркеу, прокуратураның кәсіпкерлер құқықтарын қорғау ісіндегі рөлімен байланысты мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Форум жұмысына Бас Прокурор, «Атамекен» ҰКП және «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау республикалық қоғамдық кеңесінің басшылары, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, орталық мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің, сондай-ақ ғалымдар мен журналистердің қатысуы жоспарлануда.Осы іс-шара туралы жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

 

 

Барлық жаңалықтар