- Басты
- Жаңалықтар
- 1500 астам астаналық «Арман» лагерінде демалады
1500 астам астаналық «Арман» лагерінде демалады
Лагерьде күн таңғы жаттығудан басталады. Балаларды спорт пен дене шынықтыруға баулу үшін салауатты өмір салтына баса назар аударылады. Сонымен қатар, олардың шығармашылық қабілеттіліктері де дамытылады. Әрбір күн белгілі бір қызықты тақырыпқа арналады.
«Мұнда кеш ұйықтайсың, ауа таза, әдемі. Қалада машиналар көп, биік үйлер. Күн сайын өтетін би кештерін ұнатамын. Көңілді, мысалы, кеше жатар жатқанша «Таңқурай күні» өтті», – дейді Камила Ахмеджанова.
«Арман» лагеріне демалуға Астана қаласының Арнайы коррекциялық мектеп-интернатының да шәкірттері келді. Мұнда олар дос болуды, бірін-бірі түсінуді және қоғамда өмір сүруді үйренеді.
«Оларды да ойындарға тартуға тырысамыз, әрине, егер қиын тапсырмалар болса, оларға оңайларын береміз, бірақ басқа балалардың жанында болатындай. Оларды бөліп тастамаймыз, олар да сау балалардың істегенін істеп, орындау керек», – дейді «Арман» лагерінің бірінші маусымындағы аға тәрбиеші Жәннат Әбенова.
Балалар табиғат аясындағы демалыстың ең үздік екендігін бірауыздан құптады. Жалпы, лагерьде бес маусым өткізілмек. Осы уақыттың ішінде мұнда 1500 астам елордалық балғын тынығады. Соның ішінде 1000 бала – халықтың осал топтарына жатады, олар үш маусым бойы лагерьде тегін демалады.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді