- Басты
- Жаңалықтар
- CRIRSCO-да геологиялық барлау жұмысының нәтижесі туралы Қазақстанның көпшілік алдындағы жауапкершілік кодексі мақұлданды
CRIRSCO-да геологиялық барлау жұмысының нәтижесі туралы Қазақстанның көпшілік алдындағы жауапкершілік кодексі мақұлданды
Астанаға CRIRSCO комитет делегациясы келді. KAZRC минералдық қорлар мен минералдық ресурстарының, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері жөніндегі кодексін қарастыру және келісу мәселелері бойынша уәкілетті CRIRSCO комитетінің делегациясына Комитет төрағасы Гарри Паркер басшылық етті.
Қазақстан тарапынан ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Б.Нұрабаев, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, соның ішінде KAZRC Ассоциациясы, ТМКҚ, ГҚӨҚ, жер қойнауын пайдаланушылар-компаниялары.
Атап айтқанда, осы комитетке мүшелік ету үшін міндетті болып табылатын құжаттар CRIRSCO делегациясына қарастыруға ұсынылды, оларды Қазақстанның KAZRC минералдық қорлар мен минералдық ресурстарының, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері жөніндегі бұқаралық есептілік қауымдастығы мен «Жер қойнауы бойынша тәуелсіз сарапшылардың кәсіби қауымдастығы» қоғамдық ұйымы (ПОНЭН) даярлады.
«CRIRSCO халықаралық стандарттары жөніндегі комитетімен KAZRC минералдық қорлар мен минералдық ресурстарының, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері жөніндегі қоғамдық кодексі мақұлданды және CRIRSCO халықаралық стандарттар құрамына қабылданды. Қазақстан Республикасы атынан CRIRSCO комитетінің мүшесі болып KAZRC Ассоциациясы тағайындалды», - деп мәлімдеді министрлікте.
Айтып өтілгендей, Кодекс компаниялардың минералдық-шикізатты активтерін тәуелсіз бағалауды даярлауға арналған және жер қойнауын пайдалану жобаларын қаржыландыру мақсатында шет елдік және отандық алаңдарға инвестиция жұмылдыруға бағытталған.
«Жер қойнауын пайдалану саласындағы әлемнің барлық биржалары CRIRSCO стандарттары бойынша әзірленген есептілікті қабылдайды, өйткені олар инвесторлар үшін басты тәуекелді – компаниялар есептілігінде көрсетілетін ресурстар мен қорлардың расталмауы тәуекелін айтарлықтай төмендетеді. Халықаралық стандарттарға көшу Қазақстанда жас компаниялар нарығының құрылуы мен дамуына мүмкіндік туады деп болжамданады және барлау көлемінің ұлғаюы нәтижесінде жаңа кен орындары ашылады», - деп баса айтты ҚР ИДМ-де.
Естеріңізге салсақ, CRIRSCO комитетінің мүшелігіне мемлекеттер мен өңірлерді құрайтын 9 ұлттық ұйымдар кіреді, олар: CIM (Канада), JORC (Австралия және Жаңа Зеландия, SME(АҚШ), PERC (Еуропа), SAMREC (ОАР), IMEC (Чили), MPIGM (Монғолия), NAEN (РФ), CBRR (Бразилия). CRIRSCO барлық мүшелерінің стандарттары бірыңғай үлгімен әзірленген.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары