- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысы бойынша 75 түлек «Алтын белгіге» ие болды
Маңғыстау облысы бойынша 75 түлек «Алтын белгіге» ие болды
«Биыл Маңғыстау облысы бойынша 4825 түлек мектеп бітіріп, оның 3196-сы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға тілек білдірді. Бұл барлық бітіруші түлектің 65%-ын құрайды, өткен жылы бұл көрсеткіш 61,6%-ды құраған болатын. Сондай-ақ, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың 37 жеңімпазы ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылды. Облыс бойынша «Алтын белгіге» 110 түлек үміткер болып, оның 75-сі, яғни 68%-ы өздерінің білімдерін дәлелдеп шықты. 497 түлек жүзден жоғары ұпай жинаса, 537 түлек, яғни 17%-ы шектік деңгейден өте алмай қалды. Алайда, осы түлектердің тамыз айында өтетін ақылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, Қазақстанның кез-келген ақылы жоғарғы оқу орындарына түсу мүмкіндіктері бар», - деді Зейнеп Тастемірова.
Маңғыстау облысы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш – 124 ұпайды Жаңаөзен мектеп гимназиясының түлегі Мыңжасова Маржан мен Ақтау қаласындағы №4 мектеп гимназиясының түлегі Семедьяров Алдияр жинады.
«Облыстағы білім деңгейі артып келеді. ҰБТ бойынша биыл орташа ұпай 78,5% болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 75,5%-ды құрады. Айта кету керек, биыл Мұнайлы және Түпқараған аудандарының түлектері өте жақсы көрсеткішті көрсетті. Ал, жоғарғы көрсеткіш көрсеткен мектептер бойынша, 106 ұпаймен бірінші орынға Жаңаөзен қаласының мектеп гимназиясы шығып отыр», - деді Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова.
Айта кетейік, биыл Маңғыстау облысы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу маусым айының 3-10 күндері аралығында өтті. Бұл күндері аппиляциялық коммиссия жұмыс жасап, барлығы 12 ұпай қайтарылған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді