- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл ҚР Үкіметі екі жаңа мемлекеттік бағдарламаны әзірлейді
Биыл ҚР Үкіметі екі жаңа мемлекеттік бағдарламаны әзірлейді
"Үкімет жұмысының басты бағытын Сіз «2050-Стратегиясында» анықтап бердіңіз. Үкімет оны жүзеге асырудың жан-жақты жоспарын қабылдады. Үстіміздегі жылы Үкімет екі маңызды бағдарламаны әзірлеп, сіздің қарауыңызға ұсынады. Бұл инфрақұрылымды және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы", - деді С.Ахметов.
Сонымен бірге, Үкімет басшысы атап өткендей, Министрлер кабинеті жұмысының негізгі бағыттарының бірі өңірлермен мақсатты түрде жұмыс істеу болып табылады. Осылайша, жаңадан құрылған Өңірлік даму министрлігі экономикалық өсу нүктелері, кәсіпкерлік, ТКШ, құрылыс, жергілікті өзін-өзі басқаруды қоса алғанда, аумақтық даму мәселесін үйлестіру мен шешудің басты орталығына айналады.
Премьер-Министр барлық бағдарламалар өңірлік даму призмасы арқылы іске асырылатын болады деп сендірді, сөйтіп, барлық бағдарлама әрбір қалаға, ауданға, ауылға жетеді және оның тиімділігін елдің әрбір тұрғыны сезінетін болады.
Бұдан басқа, ҚР Үкіметі шетелдік инвестицияны тікелей тарту, мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік, экономиканы әртараптандыру жөніндегі жұмыстарды да жалғастырады.
С.Ахметов сондай-ақ инфрақұрылымды кең көлемде дамыту біраз инвестицияны талап етеді деп атап өтті.
"Жеке инвесторлардың қаржысын тарту үшін ынталандыру және жағдай жасау өте маңызды ", - деді Премьер-Министр.
Үкімет мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестіктің түрлерін кеңейтетін және жеке инвесторларға көбірек кепіл беретін заң жобасын әзірледі. Тақау арада ол республика Парламентінде болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері