- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да 2016 жылдың соңына дейін 8 концессиялық жобаға қол қою жоспарланған
ШҚО-да 2016 жылдың соңына дейін 8 концессиялық жобаға қол қою жоспарланған
«ШҚО бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік» Аймақтық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Шәкәрім Бұқтығұтов Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы инвестициялық және концессиялық жобалар жайында ақпараттандырды.
Бүгінгі таңда жүзеге асырылып отырған 19 концессиялық жоба абр, оның 9,3 млрд теңгені құрайтын 11 жобасы бойынша келісімдерге қол қойылған. 8 жобаға қол қою 2016 жылдың соңына жоспарланып отыр. Олардың қатарында Өскемен мен Семей қалаларындағы ауруха құрылыстары, облыс орталығындағы 5 балабақша құрылысы және Зырян қаласындағы орталық жылу қазандығының жөндеу жобалары бар.
Жергілікті атқарушы билік органдары 155 млрд теңгені құрайтын 23 жобаны ЕҚДБ арқылы жүзеге асыру бойынша жұмыс атқаруда. Олардың үшеуі, яғни 15,4 млрд теңгені құрайтын жобалар бойынша несиелік келісімдерге қол қойылған.
2017 жылы 101 млрд теңгені құрайтын 7 маңызды жоба бойынша несиелік келісімге қол қою жоспарланып отыр.
Одан кейін құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мәди Отарбаев тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы бойынша ақпараттандырды.
Аймақ басшысы атқарылған жұмысқа дұрыс бағытта жүргізіліп жатқанын, яғни өткен жылмен салыстырғанда 4 пайыздық өсім бар екенін айтып өтті.
2016 жылы облыста 39 көп пәтерлі тұрғын үйді және 1355 жеке үйлерді қолданысқа беру жоспарлануда. Жыл соңына дейін әлеуметтік-мәдени бағыттағы 14 нысан қолданысқа берілмек.
Келесі сұрақ бойынша Өскемен мен Семей қалаларының әкімдері Ерлан Аймұқашев пен Ермак Сәлімов көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жөнінде баяндады.
Кеңейтілген аппараттық кеңес отырысының қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков инфрақұрылым құрылысы бөлімі бойынша 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде хабарлады.
«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Шығыс Қазақстан облысындағы қалалар мен аудандарда инженерлік инфрақұрылымды жаңарту екі бағыт бойынша жүргізілуде.
Жылу және су жүйелерін жаңғырту бағыты бойынша 8 492,0 млн. теңгені құрайтын 26 жоба жүзеге асырылуда.
«Мердігерлердің жауапсыздығынан кейбір нысандар уақтылы қолданысқа берілмейді», - деді аймақ басшысы. Сондықтан Даниал Ахметов «Нұрлы жол» бағдарламасының жобаларын әкімдердің жеке бақылауына алуын тапсырды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар