- Басты
- Жаңалықтар
- ҰБТ-да 16,5 мың түлек 100-ден артық балл жинады - БҒМ
ҰБТ-да 16,5 мың түлек 100-ден артық балл жинады - БҒМ
“Тестілеу республиканың барлық облыс және басым көпшілігі аудан орталықтарындағы 165 тестілеуді өткізу пунктерінде өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 86999 түлектен 84079 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 61739, орыс тілінде – 22340 бітіруші”, - делінген хабарламада.
Тестілеудің нәтижесі бойынша шекті 50 баллды 14252 түлек (16,95%), оның ішінде қазақ тілді оқыту бойынша 10267, орыс тілді оқыту бойынша 3985 оқушы жинай алмады.
Бес пәннен 100 баллдан жоғары жинаған түлек саны – 16565. выпускников. Мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады.
Тестілеудің жеті күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 38 бітіруші тестілеуден шығарылды және нәтижелері жойылды.
Тестілеудің барлық 8 күні бойынша (3-10 маусым аралығы) Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 547 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 141 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы тестілеудің сегіз күнінде қолданған тест тапсырмаларының 0,14%-ын құрайды.
Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.
Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі: әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы;техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.
Тестілеу аяқталғаннан кейін барлық ҰБТ қатысушыларына пәндер бойынша жинаған балдары көрсетілген сертификаттар берілді. Осы сертификаттың негізінде олар нормативтік құжаттарда белгіленген қажетті ең төменгі баллды жинаған жағдайда жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге және білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құқылы.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады