• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі талқыланды

Сенатта 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі талқыланды

13 Маусым, 2016 16:29
ҚР Сенат Парламентінің қаржы және бюджет бойынша кеңейтілген отырысында 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есептері талқыланды.

«2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі жұмыс тобы мен ҚР Сенат комитеттерінде өзекті талқыға түсті. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілер арасындағы бюджеттің орындалуы туралы есебі қарастырылды. Сондай-ақ кезектепн ұлттық холдингтер тындалды. Осылайша талқылау барысында 250 мәселе қозғалды»,- деп ҚР қаржы министрі Бахыт Сұлтанов комитет отырысында мәлім етті.

Бірінші блок-кірістер. Оның айтуы бойынша, жоспар артығымен орындалды – 105,7 %, алайда қорлар бар.

«Бұл жерде көбінесе салық әкімшілігін жетілдіру мәселелері, жалған кәсіпкерлікті алдын алу үшін қажетті шаралардың мәселелері талқыланды. Біз бұл жұмысты атқарудамыз. Әрине, біз табыс динамикасын қадағалап отырамыз»,-деді Б.Сұлтанов.

Екінші-шығын. Министрдің айтуынша жоғары пайыз игерілген - 99,8%, алайда жеке қарастырылған бұзушылық бар және оңтайландырудың мәселелрі бар, көбінесе Ұлттық қордың трансферттеріне қатысты.

«Тиімсіздік сомасы 459,2 млрд теңгені құрады. Біз анықтауды үйрендік, бірақ ол тиімсіздікті алдын алу және мейлінше азайту қажет. Біз мемлекеттік аудитке көшудеміз. Ішкі мемлекеттік аудиттің комитеті құқық бұзушылықтарды алдын алып отырады»,-деп түсіндірді министр.

Үшінші-қаржылық тұрақтылық. Ведомство басшысы мемлекеттік қарыз бақылауда тұрғандығын айтып өтті.

«Біз анықтаған шекті жоспарға әлі алыс. ЖӨІ-ге қарыздың ара қатынасы 50 пайыздан аспауы керек, бізде бүгін-20 пайыз. Қарыз әдістемесінің лимиті жақсарды. Ұлттық қор бойынша жаңа тұжырымдама жасалуда»,-деді Б.Сұлтанов.

Сөзін қорытындылай келе, министр ҚР Парламентімен бірге бюджет заңдары мен рәсімдерін жақсартатындығын айтып өтті. Осы жылы ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар