Өнімнің экспорттық әлеуеті өткен жылдың деңгейінде сақталады – ҚР АШМ

13 Маусым, 2016 16:13
Қазақстанның өнімділік және экспорттық әлеуеті өткен жылдың деңгейңнде сақталады, деп хабарлады Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Алмабек Марс ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің брифингінде.

«Біз биылғы өнісмнің былтырғыдан кем болмайтынын болжап отырмыз, тіпті артық та болуы мүмкін. Енді барлығы ауа райына байланысты болады. Былтыр өнімділік орта есеппен 11 млн. гектарды құраған және салмағы 17 млн бункер болған еді. Биыл белгілі деңгейде өнімділік жетістігі үшін алғы шарттар бар»,-деп ақпараттандырды А.Марс.

Өндіріс және өсімдік өнімдерін терең өңдеу бойынша департамент директорының орынбасары Ләззат Қопанованың айтуынша, экспорттық әлеует өткен жылғы деңгейде қалады. Яғни, 7-7,5 млн. тонна дәнді дақыл экспортқа шағырылады.

Сондай-Ақ, Ауыл шаруашылық министрлігінің хабарлауынша, биылғы қолайлы ауа райы көктемгі дала жұмыстарының дер уақытында аяқталуына мүмкіндік берді.

Соңғы мәлімет бойынша, 17,5 млн гектар алаңға ауыл шаруашылық дақылдары егілген. Бұл 2016-шы жылдың жаздық егісінің 95%-н құрайды.

Барлық жаңалықтар